1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні-бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, сонымен бірге барлық балалар бақытты болып, білім алып, өздері сүйетін іспен айналысып, болашақта керемет ата-ана және өз елінің азаматы болып өсуі үшін баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы ескерту болып табылады.

Айтулы мерекеге орай Алматы қаласы, Медеу ауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеумметтік көмек көрсететін №1 бөлімшесінің ұйымдастыруымен, демеушілеріміз О.Алиева, «Қазақстан Республикасының Қызыл-айы коғамы» және «Кітаптар қалашығы» дүкенінің қолдауымен 1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күніне» бөлімдегі қызмет алатын балаларға азық-түлік, түрлі оқулықтар мен бояу кітаптары, жуғыш заттар, термометрлер берілді.

Жаздың бірінші күнімен және айтулы мерекелеріңізбен құттықтаймыз балақайлар!