Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) уақытша болу жағдайындаарнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған мекеме ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.

Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды Орталыққа қабылдауды қызмет алушылардың жеке өзі барғанда немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары,  денсаулық сақтау, ішкі істер салаларындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады.

Директоры – Бекетова Акмарал Алибекқызы

Телефон – 251-37-69

Мекен жайы – Олек Дундич к-сі, 2