Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға, сондай-ақ жұмыс берушілерге әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы халыққа нақты мүмкіндіктер береді.

Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуде (тұрақты және уақытша жұмыс орындары), түйіндеме құрастыруда, ал мамандығын анықтай алмай жүрген адамдарға кәсіби бағдардағы арнайы тестілердің көмегімен лайықты мамандықты таңдауға көмектеседі. Ал егер адам жаңа мамандық алғысы келсе, онда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша Жұмыспен қамту орталығының қысқа мерзімді курстарынан өтуге болады.Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты 1 айдан 6 айға дейін созылған, ай сайын 20 949 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді.Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Бағдарлама аясында қысқа мерзімді Курстарды аяқтағаннан кейін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтініш бере алады, гранттардан басқа шағын несие алуға болады.

Жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары оқу орындарының түлектері (29 жастан аспаған) үшін мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы белсенді іске асырылып жатыр.Жастар тәжірибесінің ұзақтығы-6 ай. Бір айлық еңбекақысы 69450 теңгені (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін есептегенде) құрайды. Егер жас маман өзін жақсы көрсетіп, жұмыс берушіге ұнаса, онда компанияда одан әрі ресми жұмысқа орналасуы мүмкін.

Сондай-ақ, қалада”Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020″ бағдарламасы іске асырылып жатыр. Халықты жұмыспен қамту орталығы қажетті білікті мамандарды іріктеуді жүзеге асырады және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздарды жібереді.

“Жұмыспен қамту жол картасы–2020” аясында жұмысқа шығуға дайын азаматтарға жұмыс орнына келгеннен кейін бірден 2 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) немесе 85 000 теңге мөлшерінде “көтерме ақы” ұсынылады. Орнына емес, тұрақты жалақыға қосымша төленеді. Бұл ретте орташа айлық жалақы мөлшері 120 000 теңгені құрайды.

 

Жұмыссыз алматылықтар тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші кезекте жөндеу немесе құрылыс жүргізіліп жатқан ауданда тұратын азаматтарғамемлекет қаражаты есебінен жұмыс беріледі, мысалы, мектептер, ауруханалар немесе тұрғын үйлер.

Жұмыс берушілерге Жұмыспен қамту орталығы қажетті кадрларды іріктеуге, бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруға көмек көрсетеді, жаңа жұмыс орындарын құруды толық және ішінара субсидиялайды, www.enbek.kzэлектрондық еңбек биржасы порталында жұмыс істеу бойынша кеңес береді, еңбек нарығының жағдайы туралы хабарлайды, жұмыспен қамту саласындағы нормативтік актілерді түсіндіреді.

 

Азаматтарға арналған қызметтер:

  • Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмыс іздеушілер үшін жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.
  • Әлеуметтік кәсіби бағдар (мамандық таңдауда көмек, кәсіби кеңес беру, тестілеу).
  • Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) “Еңбек” бағдарламасына қатысушыларға ТжКБ-мен кадрлар даярлау жөніндегі мамандықтар тізбесіне сәйкестегін беріледі. Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша “Еңбек” бағдарламасына қатысушылар болып табылады.
  • ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша “Еңбек” бағдарламасына қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
  • Жұмыссыз азаматтар үшін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқыту (білім алушылар 20 949 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі).
  • Бизнес-идеяларды іске асыруға 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар (АЕК).
  • Микрокредит беру бойынша кеңес беру (кредит сомасы 8000 АЕК дейін 5 жылға жылдық 6% – бен).
  • Әлеуметтік жұмыс орындары (әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс) уақытша сипатта болады, жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
  • Ұзақтығы-12 айдан аспайды. Субсидиялар мөлшері жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35% – ын құрайды, бірақ 1 ЕТЖ-дан (республикалық бюджет қаражатынан) аспайды. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды үкіметтік емес ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін жергілікті бюджет қаражатынан жұмыс беруші белгілеген еңбекақы мөлшерінің 80% субсидияланады, бірақ 1,5 ЕТЖ-дан аспайды.
  • Қоғамдық жұмыстарды Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді және әлеуметтік-пайдалы бағыты бар. Ұзақтығы – 12 айдан аспайды. Жалақының мөлшері 2 ЕТЖ-ны (салықтар мен әлеуметтік аударымдарды есептей отырып 85 000 теңге) құрайды.
  • Жастар тәжірибесі (мерзімі-6 ай, жалақы мөлшері 25 АЕК-69 450 теңге (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып).
  • Ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу (еңбек ресурстарының ұтқырлығы) азаматтардың Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс өңірлеріне ерікті өңіраралық қоныс аудару бағдарламасы бойынша қоныс аударуы мүмкін.

 

Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы:

Алматы қ., Назарбаев даңғылы, 50,Жібекжолы көшесінің қиылысы.

Тел.:+7 (727) 224-20-00, 221-66-11.

эл.почта: centr_almaty@mail.ru

www.enbek.kz;www.cz-almaty.kz

Telegram @enbek_almaty_bot

Instagram @centr_zanyatosti_almaty

Facebook @cznalmaty

ВКонтактеcentr_zaniyatosti_almaty

Twitter@CZN_ALMATY

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕСЕПКЕ ҚОЮ

 

 

Қызмет Алматы қаласында тұрақты/уақытша тіркелу (тіркелу) бар адамдар үшін ғана қол жетімді.Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңына сәйкес сіз бірден жұмыссыз ретінде тіркеле алмайсыз. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуіңіз қажет. Мұндай тіркеуді тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында немесе https://egov.kz/портал арқылы онлайн режимінде алуға болады.

 

Жұмыс іздеген тұлғаларды тіркеу онлайн режимінде қол жетімді: https://egov.kz/cms/ru/services/job_search/pass034_mtszn

Жұмыс іздеуші тұлға ретінде Жұмыспен қамту орталығында тіркелу үшін мына мекенжайға келуге болады:   Назарбаев даңғылы, 50, Жібекжолы көшесінің қиылысында.

Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болу керек.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін жұмыспен қамту орталығының мамандары 6 ауданда халықты қабылдауды жүзеге асырады:

Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болу керек.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыспен қамту орталығының мамандары 6 ауданда халықты қабылдауды жүзеге асырады:

  • Наурызбай ауданының тұрғындары үшін – Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, мына мекен-жай бойынша: “Шұғыла”, 347 үй, 2-қабат, 212 кабинет;
  • Әуезов ауданының тұрғындары үшін – Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, Алтынсарин даңғылы, 23, 1-қабат, 103-кабинет;
  • Алатау ауданының тұрғындары үшін –”Almaty Arena” ғимаратында. “Нұркент”, блок 24 ” Qolday кәсіпкерлік орталығы»;
  • Бостандық ауданының тұрғындары үшін – Айманов көшесі, 191,2-ші қабат, 216-кабинет мекен-жайы бойынша Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;
  • Жетісу ауданының тұрғындары үшін – Жетісу ауданының ХҚО, мына мекен-жай бойынша: “Құлагер”, Сериков к-сі, 6а;
  • Түрксіб ауданының тұрғындары үшін – Шолохов көшесі, 9, 1-қабат, 108-кабинет мекен-жайы бойынша Түрксіб ауданы әкімі аппаратының ғимаратында.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде,бос жұмыс орындары пайда болған күннен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабардар ете отырып, оған лайықты жұмыс таңдау жолымен жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтер өтеусіз негізде көрсетіледі.

Егер 3 жұмыс күні өткеннен кейін азаматқа лайықты жұмыс таңдалмаса, онда оны жұмыссыз адам ретінде тіркейді.

Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу оның деректері тексерілгеннен кейін алынған мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізе отырып, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркелген күні немесе тіркеуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

Жұмыссыз ретінде тіркелген адамның өтініші бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы өтеусіз негізде анықтама береді, оның қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.

Мыналар:

1) он алты жасқа толмаған;

2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетiн өзге де жұмысы бар;

3) “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;

5) осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.

 

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама беру

 

Жұмыссыз адам ретінде тіркелгеннен кейін азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына (уақытша жұмыс орындары, кәсіби қысқа мерзімді курстар (кәсіптік даярлау және қайта даярлау) жолдама алуға үміткер бола алады.

Уақытша жұмыс орындарына: жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары жатады.

 

Қысқа мерзімді кәсіби курстар

 

Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтиды.

Кәсіптік оқыту Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, егер:

  • Қажетті кәсіби біліктіліктің жоқтығынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаса;
  • Кәсіби дағдыларға жауап беретін,жұмыстың болмауына байланысты кәсіпті (мамандығын), жұмыс түрін өзгерту қажет болса;
  • Бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілеті жоғалған болса.

Оқу ұзақтығы: 1-6 ай.

Ай сайынғы шәкіртақы мөлшері: 20 949 теңге.

Мамандықтар тізбесімен жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ олардың сайтында танысуға болады – www.cz-almaty.kz

 

Кім қатыса алады:

1) жұмыс іздеуші тұлғалар;

2) жұмыссыздар;

3) еңбекшарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

 

 Басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге:

1) мүгедектердің;

2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);

3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың;

4) алғаш реет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдардың;

5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдардың құқығы бар.

Кәсіптік оқыту Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша білім беру ұйымдарында не білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілердің оқу орталықтарында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыруын ескере отырып, бюджет қаражаты шегіндежүргізіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқуға жіберген, өз еркімен, дәлелсіз себептермен оқуын тоқтатқан адамдар жұмыс іздеп жүрген адамдар не жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін, бірақ бір реттен артық емес қайта оқуға жіберілуі мүмкін.

 

Жастар практикасы

 

Жастар практикасы – бұл:

  • Мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігі;
  • Одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
  • Жастар арасында еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Жастар практикасына оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде 29 жастан аспаған жұмыссыздар жіберіледі.

Жастар практикасының ұзақтығы – 6 ай.

Еңбекке ақы төлеу 69 450 теңгені құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып), Жұмыспен қамту орталығымен ай сайын жүзеге асырылады.

Жастар практикасына қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; ;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

4) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

 

Әлеуметтік жұмыс орындары

 

Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болады.

Ұзақтығы -12 айға дейін.

Жалақы мөлшері: қызметкердің еңбегі мемлекет тарапынан да, жұмыс беруші тарапынан да төленеді. Мемлекеттен берілетін субсидия мөлшері жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35% – ын құрайды, бірақ 1 ЕТЖ (республикалық бюджет қаражатынан) аспайды. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды үкіметтік емес ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін жергілікті бюджет қаражатынан жұмыс беруші белгілеген еңбекақы мөлшерінің 80% субсидияланады, бірақ 1,5 ЕТЖ-дан аспайды.

Кім қатыса алады:

  • жұмыссыздар;
  • балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың түлектері
  • он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін;
  • зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (зейнетақыға дейін екі жыл бұрын);
  • мүгедектер;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе)
  • мәжбүрлеп емдеу;
  • пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
  • кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар;
  • жеті жасқа дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар, мүгедек-балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
  • оралмандар(қандастар);
  • терроризм актісі нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оған қатысқан адамдар.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу тек олардың келісімімен ғана жол жүзеге асырылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері ескеріледі.

 

Қоғамдық жұмыстар

 

Қоғамдық жұмыстарды Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегінде және жұмыс берушілер қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.

Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді, қала үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық пайдалылығы бар және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді. Қоғамдық жұмыстарға, әдетте, біліктілігі төмен, қосалқы және қосалқы жұмыстар жатады.

Қоғамдық жұмыстар – бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыз азаматтарға Жұмыспен қамту мәселесін уақытша шешу және материалдық қолдау көрсету.

Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болады.

Ұзақтығы – 12 айға дейін.

Еңбекақы мөлшері: 2 ЕТЖ (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны есепке алғанда, экологиялық үстеме ақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда)

 

Кім қатыса алады:

1) жұмыссыздар;

2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) бос тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.