Алматы қаласындағы мұқтаж азаматтарға арналған «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы

   Мектеп табалдырығын енді ғана аттайтын бүлдіршін үшін қандай сыйлық маңызды? Әрине, мектеп сөмкесі. Және бос сөмке емес, оқу құралдары салынған дорбаны әр бала қалайды. Жылтырақ қораптағы қарындаш, қалам, дәптер өшіргіш, сызғыш.

   Бәрін айтып тауысу мүмкін емес! Дәл осындай сөмкені біз биыл бірінші рет мектепке баратын балапандарға сыйладық. 1 қыркүйекте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы “Халық” жеке қайырымдылық қорымен бірлесіп және “Қазақстан волонтерлар лигасының” қолдауымен оқуға қажетті құралдар салынған 50 жинақты таратты.

    Елімізде жыл сайын өткізілетін “Мектепке жол” шарасының мақсаты – аз қамтылған отбасылардың оқушыларына қолдау көрсету. Білім ордасынының табалдырығын алғаш аттаған сәт әр баланың есінде жарқын естеліктермен қалуы тиіс. Оқу құралдары толтырылған жаңа сөмкелер әр балаға қуаныш сыйлайтыны анық.