Алматылықтар тегін түрде жаңа кәсіп түрлерін игеретін болады

 Алматы қаласында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік  бағдарлама аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстары өз жұмысын бастады.  Бұл Алматы қаласының жұмыссыз азаматтары үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндіктердің бірі деуге болады.  Екі қолға бір күрек іздеп жүрген және   өзінің кәсіби біліктіліктерін арттырғысы  келетін азаматтар енді жиырма бес мамандық түрі бойынша жаңа кәсіп түрін меңгеріп, кәсіптік біліктіліктерін арттыра алады. Ол мамандықтардың  арасында Алматы қаласындағы еңбек нарығында сұранысқа ие тігінші, аспазшы, есепші,  халыққа қызмет көрсету салларының мамандары, бала күтуші сияқты  кәсіп түрлері бар.   Мамандық түрлерімен төмендегі тізім арқылы толық танысып шығуға болады.

 Мамандықтардың атаулары(Мамандықтар)
1 Автоэлектрик
2 Автослесарь
3 Бухгалтер
4 Визажист
5 Контролер-кассир
6 Кондитер
7 Маникюршебері
8 маникюрлеужәнепедикюрлеушебері
9 Модельер-пішуші
10  Бала күтушілер
11  Байланыс операторлары
12 Официант
13  Шаштараз-модельер
14 Шаштараз-стилист
15 Наубайханашы
16 Аспазшы
17 Тігуші
18 Слесарь
19  Автомобиль жөндейтін  слесарь
20  
21 ІІ санаттытігінші
22 Экскурсовод
23 Электрик
24  Автомобиль құрылғылары жөндеу бойынша электрик
25 Электрменжәнегазбендәнекерлеуші

 

Оқу мерзімі таңдаған мамандық түріне орай бір ай мен алты ай аралығын қамтитын болады Ай сайын  20949 теңге көлемінде  шәкіртақы төленеді. Оқуын толық аяқтағандарға арнайы сертификат беріліп, олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі.

Оқу курстарына жұмыссыз ретінде тіркелген Алматы қаласында тұрақты  тіркеуде тұратын немесе  Алматы қаласында алты айдан кем емес уақытша тіркеуі бар азаматтар жазылып, оқи  алады.

Оқу курстарына жазылу үшін    Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен  қамту орталығына  хабарласуға болады. Мекен –жайы; Назарбаев даңғылы  50.

Тел.: +7 (727) 224-20-00, 221-66-11, 390 88 06, 390 79 38.

Электронды почта: centr_almaty@mail.ru

Telegram @enbek_almaty_bot

Instagram @centr_zanyatosti_almaty

Facebook @cznalmaty

Контакт желісінде@centr_zaniyatosti_almaty

Twitter@CZN_ALMATY