Баспасөз хабарламасы

Қазақстанда “Белсенді ұзақ өмір“ Ұлттық Жоспарының жобасы қызу талқылауда. Онлайн-талқылаулар «Ашық НҚА» порталында жүріп жатыр, сонымен бірге министрліктер пен әкімдіктер өз ұсыныстарын енгізіп отыр.

Іс-шаралар Жоспарының аясында мемлекеттің барлық аймақтарында Белсенді ұзақ өмір орталықтарының ашылуы жоспарланып отыр. Орталық ойын-сауық мекеме болып табылады, мұнда егде адамдар ағылшын тілін оқып, үйрене алады, компьютерлік сауаттылық курстарын өтіп, емдік дене шынықтырумен айналыса алады және т.б. Нәтижесінде, егде жастағы адамдар қоғамға белсенді түрде тартылады және олардың психологиялық-эмоциональдық жағдайлары түзеледі.

Әзірше бұндай орталықтар еліміздің тек бірнеше қаласында ғана жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласы Қазақстандағы Белсенді ұзақ өмір орталығын ашқан алғашқы аймағы болды. Алғашқы орталық 2018 жылдың маусым айында ашылды. Бұл 75 адамға арналған еді, бірақ үлкен сұранысқа тап болғандықтан, бұған күн сайын 350 адам қатысты. 2019 жылдың соңына таман қаланың барлық аудандарында дәл сондай 7 мекеме өз жұмысын бастады. Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен әзірленген, қартаю мәселелері бойынша Мадридтік халықаралық іс-әрекеттер жоспарының концепциясын ескере отырып әзірленген.

Қартаю мәселелері бойынша сарапшылар бүкіл мемлекет бойынша Белсенді ұзақ өмір орталықтарының масштабталуын қажетті және уақтылы шара деп айтады. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ардагер» ҚБ төрағасы Баян Ахметжанованың айтуынша, ол егде жастағы адамдарды қолдау бойынша қоғамдық бірлестікті 20 жыл бұрын-ақ ашқан. «Әрқашанда біздің ұйымымыздың басты тапсырмаларымыздың бірі егде адамдардың салауатты өмір салтын қолдау болып қала береді. Мен барлық аймақтарда Белсенді ұзақ өмір орталықтарының ашылуы үшін өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша, 50 жылдан кейін планетамыздың әрбір алтыншы тұрғыны егде адам болады. Сондықтан қазірден бастап егде адамдардың сапалы, алуан түрлі және белсенді өмірін қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастау өте маңызды болып табылады», – деп айттыАхметжанова.

Әкімдіктердің өкілдері де орталықтарды ашудың өзектілігі туралы айтып отыр.

«Егде адамдар елімізде төтенше жағдайда ең осал болып табылады. Оңашалауда өмір сүру, әрине, егде адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді, әсіресе жалғыз қалғандардың. Сондықтан егде адамдарды қолдау төтенше жағдайдағы басты тапсырмалардың бірі болуы керек», – деп әкімдікте атап өтті.