№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

«№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.

Мекен жайы – Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Лебедева 31.

 

 №2 Орталықта орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1)  қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты (бекітілген үлгіде);

2)  жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.

3)  мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

4)  медициналық карта (бекітілген үлгіде);

5)  мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

 

Директор – Оспанова Анаргуль Кабдыгалиева