№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармасының «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармасының «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – №3 Орталық) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өздерінің ата-аналарын (жарын) күтуге және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы балалары (жары) жоқ немесе шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен) туыстары бар бірінші және екінші топтағы мүгедектердің  және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарт адамдардың тәулік бойы уақытша немесе тұрақты тұруына арналған мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.

Директоры – Ысқақова Данипа Төлепбергенқызы

Телефон – 255-78-62

Мекен жайы – Мамыр 7 ықшам ауданы, 8а

№3 Орталыққа орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1)  қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты (бекітілген үлгіде);

2)  жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.

ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;

3)  мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

4)  медициналық карта (бекітілген үлгіде);

5)  мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

6)  18 жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болса);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігі;

8) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.