№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –                   №1 Орталық) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан бірінші, екінші топтағы мүгедектердің стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.

Директор – Нұрбаева Светлана Мұратқызы

Телефон – 376-56-16

Мекен жайы – Каблуков к-сі, 119 а

№1 Орталықта орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1)  қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты (бекітілген үлгіде);

2)  жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі.

ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;

3)  мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

4)  медициналық карта (бекітілген үлгіде);

5)  мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

6)  18 жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болса);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігі;

8) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.