Жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi – Әлеуметтiк тұрғын үй) жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалгызілікті ерлі – зайыпты және отбасылық жұптарды (бұдан әрi – егде азаматтар) өз меншік құқығындағы тұрғын-үйлерін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берген жағдайда мемлекеттік мекемеде орналастырылуы мен тұруын, сонымен қатар олардың тұруына тұрмыстық жағдай жасау мен негізгі өмірлік мұқтаждықтарын іске асыруға арналған,  ұйымдық құқықтық түрде құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады.

Директоры – Оспанова Анар Қабдығалиқызы

Телефон – 392-37-83

Мекен жайы –Тлендиев к-сі, 256/1

Әлеуметтiк тұрғын үйде тұруға ниет танытқан егде азаматтар, турғылықты тіркеуіне қарасты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:

1)  еркін түрде жазбаша арыз;

2)  жеке басын растайтын құжаттар, бірыңғай нөмірі (ЖБН) бар жеке басының куәлігі;

3) ЖБН жоқ болған жағдайда салық төлушінің (пайдаланушының) тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке кодын алғаны туралы куәлігі қоса беріледі;

4) тұлғаларға зейнетақы алушы куәлігі;

5) жылжымалы мүлікке және оның техникалық сипаттарына құқықтық тіркелуі (ауыртпалық) туралы анықтама;

6) пәтерлердің меншік иелері кооперативінен коммуналдық қызмет төлеуі бойынша қарыздың бар немесе жоқтығын растайтын анықтама, соңғы айдың коммуналдық қызметтерінің төлеуі туралы куәлік қағазының көшірмесі;

7) амбулаторлық картасы;

8) өкпе құрт ауруларына қарсы диспансерден анықтама;

9) наркологиялық диспансерден анықтама;

10) тері-венерологиялық диспансерден анықтама;

11) психикалық денсаулық орталығынан анықтама.