«Алматы қаласының Алмалы аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Алматы қаласының Алмалы аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Алматы қаласының Алмалы аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы» Аумақтық халықты әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының негізінен 2005 жылдың ақпан айынан қайта құрылған.

Орталықтың мемлекеттік басқару органы – Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚСАҚТАУ МИНИСТРІНІҢ  2015 жылғы 26 НАУРЫЗДАҒЫ № 165 БҰЙРЫҒЫМЕН бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес 8 қызмет  түрлері көрсетіледі:

  • Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет –  денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, жату, киіну,шешіну, жуыну, тамақ ішу, дәретханаға бару, тісін күту, тырнағын алу сияқты қызметтерді гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
  • Әлеуметтік-медициналық қызмет – медициналық тексеруді ұйымдастыру, дәрігерге дейін көмек көрсету; медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
  • Әлеуметтік-психологиялық қызмет- психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға осы проблемаларды шешуге көмектесу; әңгімелесу, тыңдау сияқты психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
  • Әлеуметтік-педагогикалық қызмет – қызмет алушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету, білім деңгейі, физикалық және психикалық жай-күйі ескеріліп жүзеге асырылады;
  • Әлеуметтік-еңбек қызметі – қызмет алушыларға кәсіптік бағдарлау; олардың отбасы мүшелеріне үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет –  мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру; клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу (театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару);
  • Әлеуметтік-экономикалық қызмет – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
  • Әлеуметтік-құқықтық қызмет – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңгерлік консультация беру.

«Алмалы аудандық орталығы» – 170  мүгедек балалар мен 18 жастан асқан азаматтарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді және 65 мүгедекке күндізгі жартылай стационар бөлімшесімен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Оңалту орталықтарының басты мақсаты мүгедектің әлеуметтік қалпын қайта түзету, материалдық тәуелсіздігі мен әлеуметтік бейімделуінің жоғарғы жетістігіне жету.