Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау

Стандарттар: Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтажа заматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау жүктеу

Регламент: Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жүктеу

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты 

1 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
2 Көрсетілетін қызметті беруші (қызметті көрсететін орган)       Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

3) мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3 Көрсетілетін қызметті алушы (қызметті тұтынушы) Жеке тұлғалар
4 Көрсетілетін қызмет нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5 Жұмыс кестесі      1) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

6 Қажетті құжаттар        көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Порталға:

мемлекеттік қызметті көрсету үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш;

мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

7 Қызмет құны және төлем төлеу тәртібі Тегін
8 Қызметті көрсету мерзімі      1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;

Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда – 20 (жиырма) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

9 Қызметті көрсету нәтижесі Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.
10 Нормативтік құқықтық актілер        1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504  «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысы;

2) Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі;

3) Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы»  шешімі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

11 Шағымдану тәртібі       Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басшысының атына немесе Алматы қаласы әкіміне шағым келесідей мекенжай бойынша беріледі:

– Алматы қалалық Жұмвспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр басқармасы, Қонаев көшесі, 122 (www.uzsp.almatykala.kz);

– Алматы қаласы әкімдігі, Республика алаңы, 4 (www.almaty.gov.kz);

– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – www.mzsr.gov.kz

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекетттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан Мекен-Жай Байланыс мәліметтері Қызметкердің толық аты-жөні (жауапты лауазымдық орындаушысы)
Алатау ауданы Жанқожа батыр көш. 26 395-36-05 Абсатова Құндыз Тұрсынхановна

Капалова Назым Гиниятовна

Алмалы  ауданы Сейфуллин көш. 577/89 272-63-04

267-45-90

Дуйсебай Ертай Дуйсебайулы                        Мырзабаева Амеля Жапаровна               Жамханова Кулян Ахановна

Саботаева Бахыт Аккановна

Әуезов ауданы 3-ықшам ауд. 41Б 276-09-58 Наниязова Нуржамал Толеновна

Габбасова Сауле Кайсаровна

Нартова Татьяна Андреевна

Копебаева Манчук АлдибайовнаБаймурынова Жанар Кыйноятовна

Бостандық ауданы Жандосов көш. 2 392-22-89 Телеубаев Мейрамбек Қаматайұлы

Икранбекова Карашаш Зубаировна

Мамекбаева Шолпанкуль Кулахметовна

Манкибаева Айгерим Черизатовна

Жетісу ауданы Мақатаев көш. 142 279-35-87 Кыраубаева Ляззат Сапаровна

Шуленова Батима Пернебаевна

Қошқарбаева Камшат Биболатқызы

Бисембаева Шынар Сарсенкановна

Медеу ауданы Төле би көш. 12 291-57-04

291-62-18

Әмзеева Меруерт Тұрсыманқызы

Асарова Баян Аппазовна

Тлепбергенова Толқын Нусипалиевна

Наурызбай ауданы Шұғыла ықшам ауд.   222/2 385-71-48 Мырзамет Жазира Елемесовна
Түрксіб ауданы

 

 

 

Рихард Зорге көш. 18

 

 

 

232-78-25

 

 

 

 

Кусайнова Гаухар Нурахметовна

Айдарбекова Раиса Сеитовна

Бихурова Мажор Арлиевна

Жылгелдиева Айжан Аятхановна

Амандаева Мария Абуовна

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қонаев көш. 122 261-67-24 Кенжехан Нұрсұлтан Кенжеханұлы

Исмайылов Рустем Ажибекович