«Самал» Пансионаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Самал» Пансионаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Самал» Пансионаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) ұйымдық – құқықтық түрде оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ретінде заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мәні халықты әлеуметтік қорғау және денсаулығын сақтау саласындағы қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты – соғыс және еңбек ардагерлерін, сондай-ақ жеңілдігі мен кепілдігі тұрғысынан оларға теңестірілетін тұлғалар, зағип мүгедектер, дәрігерлік қорытынды бойынша 1 (өзіне-өзі көмек көрсетуге мүмкіндігі бар), 2, 3 топтарға жатқызылатын және санаторий-курорттық демалысқа мұқтаж мүгедектер, сонымен қатар, зейнеткерлік құжаты бар еңбек ардагерлерін санаторий-курорттық емдеу мен қысқа мерзімді демалыс орталықтарында оңалту жұмыстарын жүзеге асыру  болып табылады.

Директоры –Тұрғанбаев Камал Ахметжанұлы

Телефон – 264-65-64

Мекен жайы – Сапар Байжанов к-сі, 100/10