«Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Алматы қаласы әкімдігінің

2019 жылғы «__» _______ №___  қаулысына 1 қосымша

 

«Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

  1. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қалсының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сонымен қатар жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында басшылық жүргізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050010, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Д.А. Қонаев көшесі, 122 үй.
  9. Толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление социального благосостояния города Алматы».

  1. Осы Ереже «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – жалпы өркендеу үшін әлеуметтік саясат жүргізу.
  2. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің деңгейіне дейін арттыру, тең құқықпен қамтамасыз ету.
  3. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) қала тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік осал тобын қоғамға ықпалдастыру;

2) қала тұрғындарының әлеуметтік хал-жайына қамқорлық көрсету;

3) әлеуметтік лифтілерді құру;

4) ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кедергісіз ортаны құру;

5) халықты жұмыспен қамту деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмыссыздықты азайту;

6) әлеуметтік жобаларды және қайырымдылықты іске асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен және бизнестермен серіктестіктерді дамыту;

7) қызметкерлердің бостандығы мен құқығын қорғау сақтауды қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және айқындылығын қамтамасыз ету.

  1. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған:

1) жалпыға бірдей еңбек, белсенді ұзақ өмір сүру Қоғамдық идеясын танымал ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын қоғамда ықпалдастыру және бейәлеуметтендіру;

3) Алматы қаласының белсенді тұрғындарын қалыптастыру үшін азаматтық қоғам институттарын нығайту бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;

4) мүмкіндігі шектеулі адамдармен позитивті қарым-қатынасты қалыптастыру;

5) адамдардың (отбасылардың) өмірлік қиын жағдайынан шығуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін ведомствоаралық үйлестіруді іске асыру;

6) коммуналдық меншік негізінде, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу арқылы оңалту орталықтарын, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын, әлеуметтік клубтарды, ресурстық орталықтарды ашу үшін жағдайлар жасау;

7) тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін әлеуметтік саланы дамыту бойынша әлемдік озық тәжірибені енгізу;

8) ұрпақтар сабақтастығы үшін жағдайлар жасау, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне тартылу дәрежесін көбейту;

9) өмірде қиын жағдайға душар болған адамның (отбасының) әлеуметтік көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісін іске асыру;

10) халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

11) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

12) халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету әдісін өтініш беруден анықтаушы әдісіне көшіруді қамтамасыз ету;

13) тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдерді көрсету;

14) халықтың мұқтаж санаттарына атаулы сипаттағы әлеуметтік көмекті күшейту;

15) әлеуметтік жобаларды және бизнес-идеяларды іске асыру үшін қолдау көрсету;

16) өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін кешенді қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

17) әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру, олардың орындалуын мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен қамтамасыз ету;

18) халықтың іс қимылы шектеулі топтары үшін нысандарды салу және қайта жаңарту жобаларын келісу;

19) Алматы қаласының мүгедектері үшін қолжетімді ортаны сақтау тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және өткізу;

20) әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарын пайдалануға беру кезінде мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарын тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

21) қалалық қолжетімділік картасын жасау және қалыптастыру;

22) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, жеке көмекшілер мен ымдап, қолмен көрсету тілі мамандарының әлеуметтік қызметтерімен, есту протезімен, санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету;

23) кресло-арбалармен жүретін және жеке көмекшінің қызметін пайдаланатын мүгедектерді автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету;

24) жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту;

25) жұмыс берушілер мен ізденушілер арасында электронды еңбек биржасын насихаттау;

26) қаланың жұмыс күшінің басқарылмалы ағымы бойынша жұмыстар жүргізу;

27) өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар мен бейресми жұмыспен қамтылғандар мәртебесін өзекті ету және рәсімдеу;

28) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және жеке бастама шеңберінде құрылатын жаңа жұмыс орындарына мониторинг жасау;

29) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, Алматы қаласының еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

30) нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша іс-шараны орындау;

31) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;

32) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;

33) Алматы қаласының аумағында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

34) Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру;

35) жұмыс берушілерге кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат беру бойынша сұратым жіберу;

36) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

37) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

38) жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу;

39) жұмыс берушілер ұсынған құжаттарды қарау, Алматы қаласында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдау;

40) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеуді жүзеге асыру;

41) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды кері қайтарып алу;

42) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту бойынша қажетті құжаттарды қабылдау;

43) еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шетелдiк қызметкердiң өзiнiң тұрақты тұратын елiне қайта оралу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн кепiлдiк берiлген жарнаны қайтаруға жазбаша келісім беру;

44) меценаттарды тарту мақсатында түрлі әлеуметтік жобалар ұйымдастыру;

45) Алматы қаласының аумағында үкіметтік емес ұйымдар, жеке және заңды тұлғаларды қайырымдылық көмек көрсетуге тарту және қызметін үйлестіру;

46) қайырымдылық ұйымдармен өзара әрекеттесу;

47) әлеуметтік жобалар әзірлеу, жүзеге асыру, олардың мүдделі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен орындалуын қамтамасыз ету;

48) мұқтаж азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдар мен меценаттардың дерек қорын жасау және қалыптастыру;

49) әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жеке тұлғалар мен құрылымдардың инвестицияларын тартуды ынталандыру;

50) жұмыс берушілер арасында электронды еңбек кітапшасын енгізуді насихаттау;

51) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарға мониторинг жасау;

52) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

53) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеп-тексереді;

54) жұмыс берушiлердегi еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн тексеру;

55) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;

56) жұмыскерлердiң, жұмыс берушiлер мен олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;

57) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асыру;

58) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi ақпараттық жүйе негiзiнде кезеңдiк есептердi, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйi мониторингiнiң нәтижелерiн ұсыну;

59) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингiн жүргiзу;

60) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты беру;

61) жұмыс берушiнiң қызметiн декларациялауды жүзеге асыру;

62) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

63) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi аумақтарды оралмандарды қоныстандыруға арналған өңiрлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгiзу;

64) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беруге өтiнiштерiн қажеттi құжаттарымен қоса қабылдау;

65) оралман мәртебесiн беру немесе ұзарту туралы шешiм қабылдау;

66) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына енгiзуге өтiнiшiн қажеттi құжаттарымен қоса қабылдау;

67) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құру және олардың қызметін ұйымдастыру;

68) оралман куәлiгiн беру;

69) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын бiрiктiру мақсатында қоныстандыру үшiн шақыруларын халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен қарау және куәландыру;

70) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

71) «оралман» дерекқорын жасау және қалыптастыру;

72) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, айқындылығын, жеделділігін арттыру мақсатында бизнес-процестерді сандық жүйеге көшіру;

73) халықтың қанағаттанушылығын артыру үшін мемлекеттік қызметтерді ашықтық және айқындылық қағидалары бойынша көрсету;

74) бір терезе қағидаты бойынша халықтың мемлекеттік қызметтерді алуына жайлы жағдай жасау;

75) медициналық әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік тартылыс орталығы ретінде трансформациялануын қамтамасыз ету;

76) әлеуметтік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;

77) қызмет алушылардың қажеттіліктерін анықтау және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында сауалнамалар жүргізу;

78) халықтың сандық сауаттылығын арттыру;

79) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

80) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

81) әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктерді беру мақсатында жұмыста соғыс және еңбек ардагерлері Кеңестерімен, қоғамдық қорлармен, бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау, бұл жұмысқа қаланың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарын, меншік түрлеріне қарамастан, қатыстыру;

82) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу өткізу;

83) мемлекеттік мекеменің құзыретіне енетін мәселелер бойынша қаржылық есептер мен ақпараттар әзірлеу;

84) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімімен ведомстволық бағынысты коммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және таратуды жүзеге асыру;

85) оралымды басқару құқығында берілген коммуналдық мүлікті иелену және пайдалану құқығын (билік етусіз) жүзеге асыру;

86) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

87) жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер санатындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

88) ақталған адамдарға куәлік беруді жүзеге асыру;

89) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу;

90) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

91) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

92) стационар жағдайында, жартылай стационар жағдайында, үй жағдайында қызмет көрсету, уақытша болу, тұрмыс зорлық-зомбылық құрбандары, адам сату және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар және мемлекеттік емес ұйымдарда әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру;

93) ведомстволық бағынысты мекемелердің Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын бақылау;

94) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған жеңілдіктерге құқық беретін куәлік беру;

95) зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгекдетеріне, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға санаторий-курорттық емделуді қамтамасыз ету;

96) Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың жұмысын үйлестіру;

97) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша соттарға қатысу;

98) зейнеткерлік жастағы азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту, олардың қоғамның әлеуметті-экономикалық өміріне қызығушылық деңгейін арттыру, ұрпақтар сабақтастығына жағдай жасау;

99) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақбасқа да ұйымдардан «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды іске асыруға қажетті құжаттарды, қорытындыларды,       анықтамалық материалдарды және тағы басқа да материалдарды сұрайды және алады;

2) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;

3) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізеді;

4) белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын енгізеді;

5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

6) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында, тексеру құзыреті шегінде және белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;

7) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша ic өндірісін қозғайды;

8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттiк еңбек инспекторларының актiлерiн жұмыс берушiлердiң орындамауы фактiлерi бойынша ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды тиiстi құқық қорғау органдарына және соттарға жiбереді;

9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіпте тергеп-тексереді;

10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соқтыратын себептері мен жағдайларын анықтау, бұзылған еңбек құқықтарын жою және қалпына келтіру бойынша ұсыныстар береді;

11) еңбек заңнамасының бұзылуы себептерін жинақтау, талдау және қорыту, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылыстарының алдың алу бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша шаралар әзірлеуге және қабылдауға қатысады;

12) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер береді;

13) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және жұмыскерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерге ие.

 

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

 «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына» жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

  1. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласының әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.
  2. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.
  3. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігіне:

1) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы орынбасарларының және «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін анықтау;

2) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметінен босату;

3) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазаға тарту мәселелерін шешу;

4) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндетті түрде орындауы үшін берілген құзіретінің шегінде шығарылған бұйрықтарға қол қою, олардың орындалуын тексеру;

5) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту;

6) бекітілген еңбек ақы төлеу қоры және қызметкерлер саны шегінде штаттық кестені және «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасын бекіту;

7) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қатынаста мүддесін білдіру, мүлікті басқару;

8) қолданыстағы заңнамамен белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқару;

9) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің және өкімдердің жобаларын Алматы қаласы әкімдігінің қарауына енгізу;

10) азаматтарды қабылдауды жүргізуді, олардың жазбаша өтініштерін қарау;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданады.

«Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

  1. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.