Жұмыс кездесуі

2020 жылдың 10 қыркүйектегі Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен «Стандарт Мониторинг Алматы» кәсіпорынында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жұмыс жиналысы өткізілді.

Кездесуге қызметкерлердің құқықтық қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Дусманбетова Саулеш Асанқызы және кәсіпорын жұмысшылары қатысты.

Отырыс барысында еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған еңбек қатынастарын және еңбекке тікелей байланысты басқа қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері қаралды.

Мемлекеттік инспектор Саулеш Дусманбетова қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.